АҚШ­тың беделді басылымдары.

  • АҚШ­тың беделді басылымдары.

 

Америка баспасөзінің пайда болуы. Ағылшын газеттері үлгісіндегі алғашқы басылымдардың бағыт-бағдары.

Электронды ақпарат құралдарының дүниеге келуі. Баспасөздегі монополиялану ісінің қалыптаса бастауы. Әлемді дүр сілкіндірген Херст ісі. Америка БАҚ -ның ұстанымдары.

Баспасөз — бизнес көзі. Америка БАҚ-ның заңмен қорғалынуы. Америка БАҚ — төртінші билік иесі. Америка баспасөзі — демократия сақшысы.

Америка журналдарының ақпарат рыногындағы орны. Журналдардың қалыптасуына Г.Люс пен Б.Хадденнің қосқан үлесі.

Американың беделді газеттерінің баспасөз әлеміндегі орны. Ірі баспасөз монополиялары. Р.Мэрдоктың баспасөз империясы. “Ганнет“ компаниясының ұстанымдары.

“Ассошиэйтед пресс“,“Юнайтед пресс“, “  ЮСИА“ агенттіктерінің қызметі.

Журналистика саласындағы марапаттаулар.

  Америка Құрама Штаты — батыс жарты шардағы iрi мемлекет. Оның барлық жерi түгелдей дерлiк солтүстiк Америкада. АҚШ-тың шығысында Атлант мұхиты, ал батыс жағалауында Тынық мұхиты жатыр. АҚШ — федеративтi ел. Астанасы — Вашингтон қаласы. Халқы — 263 млн. Жер көлемi — 9 млн. 363 200 шаршы шақырым. Мемлекет басшысы — Президент. Тiлi — ағылшын тiлi. Валютасы —  доллар.

АҚШ басылымдарының көбi газет трестерiнiң, синдикат пен компанияларының еншiсiнде. Олардың алдыңғы қатарлары — «Ганнет компани» — 90 — нан астам газетi бар. «Найт Р идер Ньюзпейперз» — 32  газет; «Херст Корпорейшн» — 26 күнделiктi газет, 17 жексенбiлiк газет, 13 журнал; «Трибюн компани», «Нью — Йорк Таймс компани», «Нью Америка паблишинг», «Тайм инкорпорейтид» компаниялары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *