Ананың жүрегі

Ананың жүрегі
Ертеде бірін-бірі ессіз сүйген екі ғашық болыпты. Сүйген жігітінің
махаббатын сынамақшы болған ерке қыз: «Мені жан-тәніңмен сүйетінің рас болса, бар да, өз анаңның кеудесін қақ жарып, жүрегін маған алып кел!»
дейді. Ғашықтықтан басы айналған әумесер, сүйген қызының әмірін екі

етпей, анасының жүрегін кеудесінен жарып алып, дереу ғашығына қарай
құйындата шауып келе жатқанда астындағы аты сүрініп, өзі құлайды. Сонда, баланың қолынан анадай жерге ұшып түскен ана жүрегі: «Құлыншағым-ай, бір жерің майып болған жоқ па?!» деп ышқына үн шығарыпты!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *