Аналарға еңбек ақы төленер болса

Аналарға еңбек ақы төленер болса
Америкалық бір зерттеу бойынша, баламен үйде отырған ананың
жасаған әр бір ісі және демалыссыз ―жұмыс күндері‖ үшін еңбек ақысы бір
айда 10 мың доллардан аса құрайды. Еңбек рыногын зерттеушілерді баламен отырған ананың күнде жұмсайтын физикалық пен рухани күш-жігерін
материалдық тұрғыдан қарастыру арқылы алған нәтижелері таң қалдырды. Осы зерттеме бойынша бір ананың балаларына және күйеуіне қызмет ету үшін бір бірінен асқан ауыр жауапкершілігінің әрбірі ―еңбек рыногының шәкілі‖ бойынша еңбек ақы төленетін болса, қосымша сағаттарын қосып
алғанда бір жылда 131 мың 471 доллар төлену керек екен. Яғни, мұғалім, еден жуғыш, аспаз, менеджер, мейірбике, экономист.. тіпті шофер сияқты
жұмыстардың бәрін бір уақытта жасағаны үшін айына 11 мыңға жуық айлық алуы тиіс. АҚШта еңбек төлемін зерттейтін salary.com сайты бойынша
әсіресе аналардың ―жұмыс сағаттары‖ көбіне 24 сағат құрайтынын басып
айтуда. Зерттеменің авторы Билл Колмен аналардың жұмысы өте қымбат әрі құнды екенің айта келіп, еңбек ақысын төлеуді былай қой, есептеудің өзі
мүмкін еместігін мойындайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *