Алдап-сулау әдісі

Алдап-сулау әдісі
Жасы 60-қа таяған кісі зейнетке шығып, мектептің қасында орналасқан кішкентай бір үй сатып алады. Көптен күткен демалысының алғашқы күндері жақсы өткенмен жаңа оқу жылы басталуымен бәрі өзгереді. Сабақтың біте
салысымен мектептен сыртқа шулап шыққан оқушылар, жолда жатқан
әртүрлі нәрсені теуіп, салдырлатып, айғай-шумен өтетін. Шыдамы тауысқан зейнеткер амалын тауып у-шуды доғарғысы келеді. Осы мақсатпен бір күні есік алдында ойнап жүрген балаларды шақырып: ―Қандай тәттісіңдер,
достықтарың да күшті екен. Араңыздағы шаттық пен жақсы көңіл-күйді ұдайы көргім келеді. Мен де сендердің жастарында у-шу шығарып
ойнағанды ұнататынмын. Жастық шағымды еске түсіргендерің үлкен
алғысымды білдіргім келеді. Егер күніге келіп есік алдымда ойнап у-шу шығарсаңдар, әр қайсысыңызға бір-бір доллардан беріп тұрамын‖ дейді.
Осындай күтпеген бір ұсыныс алдында балалар қуанып келісімдерін береді. Күнде келіп қарияның есігі алдында улап-шулап кететін болады.
Бірнеше күн өтіп, қария балаларды қайта шақырып: ―Балалар, зейнетке шыққан адаммын. Инфляция барлық ақшамды жеп қойды. Өкінішке орай,
енді сіздерге бір доллар емес 50 цент ғана бере алатын боламын…‖. Балалар бұл хабарды ұнатпаса да, келіскен жұмыстарын жалғастырады. Тағы бірнеше күн өтіп, қария: ―Ботақандар, зейнет ақым әлі түспей жатыр, сіздерге тек қана 25 цент бере алатын сияқтымын?‖
Балалар, ―Жоқ. Ондайға келіспейміз! 25 цент үшін бұл жұмысты істемейміз! Біз жұмысымызды тастаймыз!‖ дейді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *