ӨЛІККЕ ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН НАНЫМДАР

ӨЛІККЕ ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН НАНЫМДАР

Тыйымдар

Әл үстіндегі адам о дүниеге аттанар алдында қатты қиналып жатса, дауыс көтеріп жылауға болмайды. Ол тірілерді қияалмай қиналады.

Мәйіттің кебінін жиі тікпейді, үйден өлік шығуы жиілеп кетеді.

Баласы қайтыс болған әйелдің көп жыламағаны жөн. Ол о дүниеге әке-шешесін күтіп алуға кетеді. Ал әке-шешесі көп жылай берсе, көз жасынан пайда болған көлге батып кетіп, әке-шешесін күтіп ала алмайды.

Өлік жатқан жерді қырық күнге дейін басуға болмайды. Бұл күндері өлік жатқан жерде қайтқан адамның иесі жүреді.

Өлік шығарылып әкетілісімен үй жинаса, әруағы риза болмайды.

Адам өлімі туралы хабарлап (естіртіп емес) жүрген хабаршы табалдырықтан айтып қана кетеді, үйге кіріп, тамақ ішпейді. Бұл «үйге жаманшылық кірмесін» деген ырым.

Олік иесіне көңіл айтып келе жатып, жолда басқа үйге кіріп тамақ ішуге болмайды. Бұл да «үйге жаманшылық кірмесін» деген ырымнан туған, Жаназа шығарылып жатқанда жалаңбас отырса, әруақтар риза болмайды.

Өлген адамға дауыс көтеріп жоқтап жылағаннан кейін беті-қолды жумай тамақтан дәм тату күнә болып саналады.

Өлген адам тірі кезінде пендешілікпен істеген жамандықтарын еске алып, ауыр сөздер айтса, о дүниеде жаны қиналады.

Қабірдің топырағын үйгенде топырақ тастаушылар күректі аяқпен баспайды және бірінің қолынан бірі күректі алмайды, тек жерден ғана көтеріп алады. Бұл «өлім-жітім аз болсын» деген ырым.

Көзі тірісінде өзіне көр қазуға болмайды. Бұл жаман ырымға жатады.

Кісісі қайтқан үй көңіл айтуға келген адамдарды қарсы алмайды, шығарып та салмайды. Өліктің артын күтеді.

Қаралы үйде дауыс көтеріп күлмейді. Бүл әруақты қорлау болып саналады.

Өлген кісінің қабірін баспайды. Себебі әруағы риза болмайды.

Молада дәрет сындыруға, мал жаюға болмайды. Бұл өруақтарды қорлау болып саналады.

Моланың басында жүрелеп емес, малдас құрып отырады.

Нанымдар


Кісі көз жұмғаннан кейін орнына қырық күн бойы шырақ жағады. Осы күндері үйдің ішінде өлген адамның иесі жүреді. Қырық күн өткенде молда келіп құран оқығаннан кейін ғана үйден шығып кетеді.

Егер жетіге толмаған бала шетінесе, жаны жұмаққа барады; екі-үш жасқа дейінгі нәресте шетінесе, періште болып үшып жүреді.

Өлікті үйден шығарарда әйелдер дауыс салып жылауы керек, оны естіген әруақ риза болып жатады.

Жүма күні өлгендердің күнәсі кешіріліп, жұмаққа барады.

Өлікті үш күнге дейін сақтап, күзетеді. Себебі өлген адамның жаны үш күнге дейін үйдің ішінде ұшып жүреді.

Марқүмның денесі жатқан жаққа карама-қарсы сол жақ түгел тазартылып, киіз үйдің керегесі жалаңаштанады. Бүл — үйдің іші таза емес, Әзірейіл келіп өлген адамды бауыздаған кезде қан басып кетеді деген ұғым.

Өліктің денесі оралған кілемді түнде жұлдызға қаратып жайып барып пайдаланады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *