Ырымдар

Ырымдар


Ұртын не тілін тістеп алған адамның үйіне ашыққан кісі келеді.

Адамның оң көзі тартса — қуанады, сол көзі тартса — ренжиді.

Адамның алақаны қышыса — ақша үстайды, табаны қышыса — жол жүреді.

Адам түшкірсе «жәрікімалла» дейді.

Мойын құяңның салдарынан қарысып қалғанда, кербез кісінің сыртынан сәлем жасаса, жазылады.

Қолынан іс келмейтін адам бір шаруа жасаса, жерден шөп алып сындырады.

Тамақ ішіп отырған адамның ыдысына шыбын, көбелек т.б. жәндік түсіп кетсе, оның несібесі көп болады.

Тамақ ішіп отырғаңда біреудің қолындағы ыдысы түсіп кетсе, оны шайтан қағьш жіберді дейді.

Жазда үйге құйын келе жатса, үлкен кісілер қолына таяқ алып, оны «таздың үйіне бар, пәленше таздың үйіне бар!» деп қуалайды.

Үлкен кісілер қонақта болған үйден келініне дәм әкеліп береді. Өйтпесе, дәметкен балалы жас келіншектің төсі ісіп кетеді.

Жаяу, аттылы немесе көлікпен келе жатқан адам жығылатын болса, тұрғаннан кейін оны сол жерде «ұшық-ұшық» деп ұшықтайды.

Адам құлағы шуылдағанда жанындағы кісі дәл тапса, оны біреудің мақтағаны, ал таба алмаса, жамандағаны болып шығады.

Мақтап жүретін адам тамақ үстіне келеді, ал жамандап жүретін адам дастарқан жиналғанда келеді деп санайды.

Дастарқан үстіне келген адамға дәм ауыз тигізеді, әйтпесе күйеуің немесе келіншегің тастап кетеді дейді.

Үйге кешке немесе түнде «кеш жарық» деп келу керек.

Үйге келген қонақ үйде адам болсын-болмасын «ассалаумағалейкүм» деп сәлем беруі керек.

Біреу әңгіме айтып отырғанда сәби түшкірсе, оның айтқаны шын деп сенеді.

Көзге теріскен шықса, саусақ арасынан қол шығарады.

Мысыққа тамақты «ертең ұмытып кетесің» деп, маңдайынан шертіп береді.

Мұрны, иегі қышыған адам бір жерден дәм татады.

Өздері әкелген сыбаға немесе тамақтан жеген үйдің әйелі қыз табады.

Ойынға ашуланған адамның басы таз болады.

Көп жасаған немесе жақсы адам қайтыс болса, оның киімдері мен тұтынған заттарын ырымдап бөліп алады.

Адамға немесе малға біреу сұқтанып қараса, көз тиеді деп түкіртеді.

Езуге ауыздық шықса, жүгеннің ауыздығымен емдейді.

Жиенін ұрған адамның қолы қалтырайды деп саналады.

Қазақ басымыз көбеймей қалады деп адам санамайды.

Қазақ жек көрген немесе енді көрмесем деген адамның артынан бір уыс топырақ шашады.

Жас адамдар «басым ауырды» десе, «басыңа бас қосылады екен» дейді.

Біреуді қайтыс болды деп естіп, кейін бұл хабар жалған боп шықса, ол адам «көп жасайды екен» деп ырымдайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *