ЫДЫСТАРҒА ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР

ЫДЫСТАРҒА ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР


Ыдыста ашық қалған тағамды жаратуға болмайды. Халық ұғымында ашық қалған тағамды жын-шайтан жалап кетеді деп санайды.

Су құйылған немесе тағам салынған ыдыстың бетін ашық қалдыруға болмайды.

Ыдыстың беті ашық қалса, улы жәндіктер түсіп кетіп, суды немесе тағамды бүлдіреді.

Егер көршілер тамақ әкелсе, ыдысын бос қайтармайды. Бос қайтару көргенсіздік болып саналады.

Бие сауатын көнекті төңкермейді және түбін таяқпен немесе қолмен ұруға болмайды. Ырыс-несібе кетеді.

Қазанды ашық қалдыруға, төңкеруге болмайды. Халық үғымыңда ашық қалған қазанды жын-шайтан жалап кетеді деп саналады.

Қазанды төңкеріп қойса, ырыс-несібе кетеді.

Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоймайды. Ол ырысыңның таусылғанын білдіреді.

Қонаққа кетік кесеге шай құюға болмайды. Бұл қонақты құрметтемеу болып саналады.

Ішінде не бары білінбейтін ыдыстан ішуге болмайды. Ақ шыныдан жасалған ыдыстан ғана ішеді.

ЬІдыстан су ішерде азырақ төгіп жіберу қажет.

Мыс және қола ыдыстарды тамаққа пайдалануға болмайды. Мұндай ыдыстарда тағам бүлінеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *