ЖОЛ ЖҮРУГЕ ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР

ЖОЛ ЖҮРУГЕ ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР


Сейсенбі күні алыс жолға шықпайдьі. Сәрсенбі күні жолға шыққан жолаушының жолы болады.

Жолда кездескен адамнан «қайда барасың?» деп сүрамайды, «жол оң болсын!» деу керек.

Аттылы жолаушы келсе, атын қазыққа байлап, содан соң ғана киіз үйінің аддына келіп, үй иелерімен сөйлеседі. Егер асыққан жолаушы болса, аттан түспестен, киіз үйдің сыртынан сөйлеседі.

Жүкпен жолға шыққанда, үйден тұз алмайды.

Жүрер жолдың уақытын кесіп айтуға болмайды. Ол қүдайға астамшылық, күпірлік болады. Жол жүретін адам «Алла жазса», «Алла жол берсе», «Қүдай қаласа», «Барар жердің дәмі тартса», «Жол бойындағы әруақтар қолдап, Алла оңдаса» деп тілек тілегенде, жол бойындағы кедергілердің бәрі аластатылады.

Жұма күні қөшуге болмайды. Жұма — қасиетгі күн. Бұл күні ата-баба әруақтары шаңыраққа келіп, дұга дәметеді.

Егер жолаушы жол бойында тұмсыгы өзіне қарап жатқан аттың немесе түйенің басын кездестірсе, бұл жақсы ырым, ал керісінше болса, онда жолы болмайды.

Жолаушының алдынан қара мысық кесіп өтсе, жолы болмайды. Егер ит кесіп өтсе, жолы болады.

Жолаушыға түзге отырған әйел кездессе, жолы болады.

Алыс жолға шыққан адамдар қара шаңырақтан немесе үлкен кісінің үйінен дәм татып аттанады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *