Жолбарыс пен тиін

Жолбарыс пен тиін
Ертеде бір тауда қалың орманды билеп-төстеген бір жолбарыс болыпты. Ол астам әрі озбыр екен. Зорлық-зомбылық істеуден сырт сол өңірдегі аң атаулыны мейлінше қорқытады екен.
Күндердің бірінде осы жыртқыш жолбарыс қарт аңшының құрған торына түсіп қалады. Қанша бұлқынса да шыға алмай әбден титықтапты, шығудың еш тәсілін таба алмапты. Дәл осы кезде дес беріп, ағаш басында асыр салып секіріп, бір тиін шыға келіпті. Тиінді көрген жолбарыс:
– Құтқара көр! Құтқара көр! – деп дауыстапты. Күллі аңдардың
патшасының аңшының торына түсіп қалғанын көрген ақкөңіл тиін ағаш басынан секіріп жерге түсіп, жүгірген бойы жолбарыстың қасына келіп, торды тісімен қиыпты.
Жыртқыш жолбарыс іштей: «Мен соншалықты қайратты бола тұра,
аңшының торына түсіп қалдым. Оның үстіне кішкентай тиінға жалынып-жалпайдым, әбден масқара болдым! Егер тиін бұл істі осы өңірдегі аңдарға айтып қойса, абыройымның айрандай төгілгені емес пе?», – деп ойлапты. Сөйтіп, ол орнынан ұшып тұрып тиінге қарай атылыпты:
– Тиін, енді қайда қашасың? – депті ақыра, шеңгелімен оны мыти
қармап, «Енді мылжа-мылжа болған шығар» деп ойлаған жолбарыс шеңгелін жазып қарайын дей бергенде, ағаш басына әлдеқашан шығып алған тиіннің құйрығын бұлғақтатып:
– Жолбарыс мырза! Менің істеген жақсылығымды ойлағайсыз! – деген
сөзі естіліпті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *