Жолбарыс, аю, қарақұлақ, тауешкі

Жолбарыс, аю, қарақұлақ, тауешкі
Бір мерген аң аулап жүріп, бір уақытта шаршап-шалдығып отырып жан-жағына көз салса, бір аю ана тасты бір, мына тасты бір ұстап салмақтап-салмақтап қояды, – дейді.
Ойпыр-ау, мынау мені ұрайын деп жүр екен – ғой деп ойлап, таң-тамаша болып отырса, жотаның қапталында аңдар жүруге лайық, жыныс бір жер бар екен. Соның баурында тауешкі жүр екен. Аю соны ұрып өлтіріп жемек екен. Қазандай таспен періп жіберді. Бақырып барып тауешкі жығылды. Аю жүгіріп отырып барып кеудесіне мінгенде, оны бір жолбарыс көріп, аюдың үстіне міне түсті. Аю тауешкіні жеп, жокең екеуінің басын ұстап жатқанда, үлкендігі мысықтай ғана кішкене нәрсе келіп жолбарысты соғып кетіп еді, жолбарыстың ауыз омыртқасы үзіліп кетіпті. Сол жерде бәрін жинап, мысықтай болған қарақұлақ жеп қалды. Қызығын көріп отырғанда қарақұлақ етке тойып кетіп қалды. Сонымен, мерген де тауешкінің етін жеп, өзге қалғандарының терісін алып, өздерін көтере алмай үйге қайтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *