Байрон-теңіз ақыны

Теңіз-бостандық пен азаттықтың нышаны. Ағылшын романтикалық ақындарының ішіндегі биігі саналатын Байрон талай рет халықтың бостандығы мен азаттығы үшін озбыр да өршіл саясаттың тар да тайғақ жолын кешкен ұлы ақын. Ойшыл ақын өзінің шыншылдығы мен әділдігінің салдарынан туған елінен қуылып, басқа жердің топырағында туған жерін жырлаған да болатын. Мәселен, ақын 1809 жылдар ширегінен өмірінің соңына дейін Испания, Швейцария, Италия, Албания, Греция шаһарларында болып, олардың саяси-әлеуметтік қақтығыстары мен қозғалыстарын өзінің жалынды  өлеңдерінде жырлайды. 1816 жылдың ортасында ағылшынның ганстерлер  тобымен қарым-қатынасы одан сайын ушығып, скептик ақын өз отанынан бір жола мәңгілікке аса қимастықпен кетеді.

Швейцария еліне  барған жылы ол ағылшын поэзиясының айдай жарық жұлдызы Шеллимен жүздесіп, бірқатар поэзия мәселелерін талқылайды. Алайда Байрон аталмыш жерде ұзақ тұрақтамай, өзінің ғұмырлық жолы мен ақындық сапарын Италияның Венеция қаласында жалғастырады.  1819 жылдың көкек  айында ойшыл ақын Байрон графиня Терезо Гвичьолмен кездескен соң, Италия елінің азаттық бостандығы мер бейбіт өмірі үшін күрестегі каробинерлердің  саяси ұйымына мүше болып кіреді. Сонымен қатар, ойшыл да дара ақынның  Равенн қаласындағы үйі құпия қару-жарақ қоймасы мен көтерілісшілердің бас штабына айналады. Байрон өзінің әдеби туындылары арқылы тапқан шәкіртақыларын каробинерлердің күресі үшін аямайды. Осылайша, Байрон әлеміндегі тарих пен сыр ел бостандығы жолындағы қылмыс пен қатерлі де қисық соқпартарға толы болады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *