АҢШЫЛЫҚКА ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР

АҢШЫЛЫҚКА ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР


Аңға шыққан аңшыға «Қанжығаң майлансын» деген тілек айтылады.

Андағы бірінші олжа ешкімге сыйланбайды, бірінші олжа қоян, ал кейінгісі қасқыр немесе түлкі болса да солай етіледі.

Атып алған құланның немесе жабайы ешкінің басын немесе сауырын міндетті түрде аңды атқан аңшының өзі пайдаланады, ал қалған етті серіктес аңшыларымен бірдей етіп бөледі.

Дос-жаран, құда-жегжат және туған-туыстан ит алмайды. Араларында түсінбеушілік болып, суысып кетеді.

Ит — жеті қазынаның бірі. Сондықтан оны өлтіруге, азаптауға, қаңғыртып жіберуге бодмайды. Олай етсе, иесінің басына жаманшылық үйіріледі.

Бүркіттің тұяғы қасиетті саналады, оның үйдің төріне не бесікке іліп қояды.

Аңдар мен құстарды рұқсат етілген мерзімде ғана аулау керек.

Балықтың құйрығын үстаса, қармаққа балық түспейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *