Құмырсқа мен елік

Құмырсқа мен елік
Құмырсқа мен елік дос болыпты. Мұны білген басқа хайуандар:
– Елік ақымақ қой, құмырсқа дос болып несімен жырғатады, – дейді
екен. Бір күні су ішіп тұрса, құмырсқаны су ағызып келе жатқанын көреді. Елік жалма-жан шөпті аузына тістеп құмырсқаны құтқарып алыпты. Құмырсқа елік досының бұл жақсылығын қайтып ақтасам болар деп жүріпті.
Бір күні құмырсқа, бір аңшының қолына мылтық алып, жусап жатқан елікке баспалап таяп қалғанын көреді. Содан құмырсқа жүгіріп отырып барып әлгі аңшы елікті нысанаға ала бергенде, аңшының балтырын шағып алады. Балтыры шым етіп ауырған аңшы еңкейіп балтырын сипап қалғанда, қолынан мылтығы түсіп, ағаш сылдыр ете түскенде, елік біліп зытып берген екен. Сөйтіп, құмырсқа досының жақсылығын ақтаған екен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *