Қарғаның достығы

Қарғаның достығы
Бұрынғы заманда бір кедей адам болыпты. Бұл адам тұзақ құрып, құс ұстап саят қылып жан бағады екен. Бір күні бір жіпке жем шашып, тұзақ құрып қойған екен. Мұны кептер көріп патшасына айтады. Соны барып жеп келсек қайтеді деп.
Сонда патшасы: «Адам баласы амал-қайласы бар қу болады. Тұзақ деген нәрсе құрып қойып, алдап ұстап алып жүрмесін», – дейді. Сонда да бүтін ел жиылып барамыз деп оған бәрі барып тұзаққа түсіп қалады. Сонда патшасы тұрып келмелік деп едім, тілді алмадыңдар. Міне, ұсталдық. Ал, бәріміз бірдей құбыла жаққа көтеріле ұшалық деп, бір күн ұшып адамы жоқ иен қалаға келіп қонады. Бұл шаһарда ешбір жан жоқ тышқанның астанасы екен. Сонда Кептер патшасы тышқан патшасына келіп, басына киілген пәлесін айтып жылайды. «Мені осы пәледен құтқарсаң, жақсылығыңды өмір бойы ұмтпаспын. Өзім өзіңізбен өмір бойы дос болар едім», – дейді. Сонда тышқанның патшасы еліне бұйрық қылып, «мыналардың мойнындағы тұзақты қиып, босатыңдар», – дейді. Сонда тышқанның бүтін қолы жиылып келіп, кептерлердің мойнындағы тұзақты қиып босатады. Сол арада бір қарға мекен етіп жүреді екен. Сол тышқан патшасына келіп, «сен кептерлерді босаттың, мен сенімен дос болайын деп келдім», – дейді. Сонда тышқанның патшасы, «құдай сені көрсетпесін, сыртыңнан ішің қара», – депті. Сонда қарға күнде тышқан патшасына келіп-кетіп жүріп аяғында тышқанға айтты, мен сенімен дос болайын.
– «Менің үш жылдан бері көрмеген досым бақа бар, соған амандасайын, жеткіз», – депті тышқан патшасы.
«Қарға мақұл» депті. Тышқан мен бақаның арасында бір дария бар екен, қарға тышқанды қанатына мінгізіп алып бір күн, бір түн ұшып, дарияның ар жағындағы бір аралға түсті. Сонда тышқанның досы бақа да амандасып көрісіп, жыласып-сықтасып құшақтасып қалды.
Сонда бақа: « қайтіп бұл жаққа ұшып шықтың», – дейді.
Тышқан: «Мына қарға менімен дос болып, сол қанатына мінгізіп, әкелді», – дейді.
Сонда бақа: «Сенің бұл досың қарға екен, бір күні өзіңе қас қылып қояр мен саған бұрынғы заманда төрт жануардың дос болып бір-біріне жанын қиып, бірін-бірі өлімнен құтқарған екен. Мен соның әңгімесін айтып берейін. Сен тыңла», – дейді. Тышқан мақұл дейді.
Сонда бақа:
«Ол төрт нәрсе – тышқан мен бақа, үйрек пен киік еді. Бір күні патшаның баласы аудан қайтып келе жатыр еді. Бұған төртеуінің бірі бақа жолығып еді. Жол болуға жақсы деп қоржынға салып алады. Мұны киік досы көріп, үйрек пен тышқанға хабар берді де, «Мен аушының алдынан ақсаған болып қашайын, үйрек сен тышқанды қанатыңа салып мінгізіп ұш. Аушы мені қуып кетіп, қоржынын тастар. Тышқан қоржынды тесіп, бақаны шығарсын», – деп, өзі аушының алдынан ақсаңдап қашады. Аушылар қоржынды тастап, киікті қуып кетеді. Үйрек ұшып келіп, тышқан қоржынды тесіп құтқарады. Сөйтіп, төртеуі аман-есен қашып құтылады, міне, шын дос деп осыны айт. «Сенің досың осылардай болса жарар еді», – деп тұрғанда қарға батыр қарқылдап келіп, досы тышқанды басып қалды. Бақа байқұс суға секіріп, әрең құтылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *