Эссе жазу әдістемесі мен ерекшеліктері

  1. Жалпы білім беретін мектептерде қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында қандай дағдылар жүзеге асу керек?

            Жалпы білім беретін мектептерде қазақ тілі мен әдебиет сабағы барысында 4 дағды жүзеге асуы қажет. Олар: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым.

  1. «Жазылым» термині қандай мағына береді? Анықтамасы?

«Жазылым» термині «жазу» деген мағынаны емес «жаза білу», «ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін қағаз бетіде сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді.

  1. Жазба жұмыстары мазмұны мен мақсатына қарай неше түрге бөлінеді?

            Жазба жұмыстары мазмұны мен мақсатына қарай 4 түрге бөлінеді: дербес, нанымды; ақпараттық, шығармашылық.

  1. Ақпараттық жазылымның неше түрі бар?

Ақпараттық жазылымның 9  түрі бар. Олар:

  1. Хабарландыру; 2. Сұхбат; 3. Жаңалық; 4. Есеп; 5. Хабарлама; 6. Бұйрық; 7. Шақыру; 8. Баяндама; 9. Нұсқаулық.
  1. Эссе жанрын ең алғаш кім жазған?

 Эссе жанрын  ең алғаш жазған М.Монтень болып табылады.

  1. Эссе термині қандай мағына береді? Қай тілдерден алынған?

            Эссе – французша (essay), ағылшынша (assay) – байқау, көру, очерк деген мағынаны білдірсе; ал латынша «exagium» – салыстыру, өлшеу деген мағынаны білдіреді. 

  1. Нанымды жазылым дегеніміз не? Оның неше түрі бар?

            Нанымды жазылым – нақты тақырып бойынша айқын пікір айтатын, пікір нанымды себептер мен дәлелдермен негізделетін, келтірілетін себептер мен дәлелдер логикалық тәртіппен берілетін, аудиторияны сендіру басты талап болатын, арнайы пікірді білдіретін сөздік қор көбірек қолданылатын жазылым түрі.

            Нанымды жазылым түрлері: 1) жарнама; 2) рецензия; 3) ашық хат; 4) ұсыныс; 5) комментарий; 6) эссе.

  1. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде эссеге қандай анықтама берілген? Тағы қандай анықтамалары бар?

           Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінде эссеге: «Эссе – бір нәрсенің әсерінен болатын толғаныстан туған шағын әдеби шығарма» деген анықтама берілген.

            Эссе – шағын көлемді проза түріндегі еркін композиция. Эссе жаңа бір құбылыс, зат туралы әдемі боялған сөзбен философиялық, тарихи-биографиялық, публицистикалық, әдеби-сыни, ғылыми, беллетристикалық тұрғыда жазылады.

            Эссе дегеніміз (фр. тіл. Essai – тәжірбие, лат.т. exagium халқының – құрау) – философиялық, әдеби, білімін тарихи, публицистикалық, әлеуметтану, саяси және тағы басқа салада ғана емес,  автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін.

            Эссе – қысқа очерк-еркін стильде ойлау. Эссе нақты мәселе бойынша жеке әсер мен пікірді білдіреді және пәнді толық түсіндіруді талап етпейді. Эссе өз бетінше шығармашылық ойлау деңгейін, ақпаратты құрылымдап, себеп-салдарлық байланыстарды бөліп, өз тұжырымдарын дәлелдей алуды көрсетеді.

            Эссе философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры.

  1. Эссе қандай жанр түріне жатады?

            Эссе философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры. Алайда нақты біреуіне жатпайды. Дегенмен, уикипедия ақпараттарына сүйенсек, эссе әдеби жанрға жатады. (Эссе нанымды жазылым түріне жатады).

 ІІ. Эссе жазуда қандай интербелсенді әдістерді қолданар едіңіз. 3-4 әдіске тоқталып, алгоритмін жазып, әдістің тиімділігін көрсетіңіз.

Эссе жазуда «Еркін жазу», «Еркін пікір», «Көрсет және әңгімеле», «Минуттық шешім», «3 минуттық эссе», «Ой күмбезі», «Ой-толғаныс», «Серпілген сауал», «Сөздерден әңгіме құрау», т.б. әдістер тиімді.

  1. «Еркін жазу» әдісі

            Бұл әдіске «ой толғаныс» кезеңінде пайдалануға лайықты да тиімді.  Мұғалім сабақ барысында қарастырылған жаңа ақпарат жайында, одан алған әресі, нені үйренгені, нені әлі де біле түсу керек екені т.б туралы  өз пікірін қағаз бетіне түсіру тапсырылады. Ең жақсы  деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.

            Әдістің тиімділігі.

            Оқушылардың алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.

  1. «Ой толғаныс» әдісі

            Бұл кезеңде күнделікті оқыту үрдісінде оқушы өзіндік толғаныс, дағды-машықтарын ұйымдастыру, өзіне де сын көзбен қарап, баға беруге үйренеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды салмақтап, салыстырып, түйіндеп өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалармен пікір алмасады. Бұл үйрену саты-ойды қайда түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын қортынды кезең болып табылады. Әртүрлі шығармашылықпен ой салыстыру болашақта қолданылатын мақсатты әрекеттерге жетелейді.

            Әдістің тиімділігі.

            Оқушылар өздеріне баға беріп үйренеді. Басқа оқушылардың ойын тыңдап, керекті мағлұмат түйеді.

  1. «Ой күмбезі» әдісі

            Бұл әдіс тақырыптық тапсырмаларды сатылай, деңгейлеп орындауға негізделген.  Ол мынадай бағыттарда жүзеге асады:

            «Ой қазығы»-айтылған ойдың негізгі сөзін тауып,  қарапайым түсініктер мен ұғымдардың табиғатын айқындайды.

            «Ой желісі»-негізгі сөзден өрбейтін ой-пікірді талдап, алған білімді қолдану және жан-жақты зерделеуге мүмкіндік береді.

            «Ой  өрімі»-оқушылардың пікірлері мен ой түйіндерді жинақтап, салыстыру, дәйектеу, дәлелдеу, өзгеге ұқсамайтын құбылыстармен салыстыру, ой көркемдігі мен құрылымдық сипатын ашуға, ізденіске бағдар беруді көздейді.

            «Ой күмбезі»-шығармашылық және ізденіс нәтижесіндегі ойдың маңызы мен мәнін ащуға, олардың қажеттілігі мен орнын айқындап, баға беруге жетелейді.

Әдістің тиімділігі. Оқушылар тақырыпқа сай деңгейлеп тапсырмаларды орындауға дағдыланады. Ойдың біріздігі мен жүйелгі қалыптасып, алгоритмдік тұрғыда дами түседі.

  1. «Ой қозғау» әдісін қолданғанда төмендегі ережелерді ұстану қажет:
  1. Проблеманы негізгі терминдер арқылы құрастырып, бір ғана ең басты мәселені айқындау.
  2. Бір де бір идеяны жалған деп танымай, оны зерттеуді тоқтатпау.
  3. Кез келген идеяны жалғастыруға ұмтылу.
  4. Қатысушылар өзін ыңғайлы сезіну үшін, оларды қолпаштап, ынталандырып отыру.
  5. Идеяларды бағалау.

            Әдістің тиімділігі. Оқушылар бір-бірінің ойын жалғастыруға және қосымша ақпарат айтуға үйренеді. Басқаның пікірін қайта жаңғыртып, жаңа ақпарат береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *