Тышқан мен жылан

Тышқан мен жылан
Бір тышқан тамақ аулай кетіп ініне қайтып келсе, онда бір жылан жатыр екен. Тышқан мұнан жаман қорқып, қуып шығаруға батпай, ақыл сұрай, өзінің қайғысын айтқалы көршілеріне барады. Ақылды тышқандар жиылысып отырып, кеңесіп айтыпты:
– Сен ол інді тастап өзге ін қазып ал, жылан сенің ініңді тартып алғаны әділдік емес. Оған еш айла жоқ. Не қыласың? Оған тиіп мазасын ала берсең, сені жеп қояды. Оған ештеме қыла алмайсың, – дейді.
Тышқан бейшара қайғыра-қайғыра қойыпты. Бірақ қалай кегін алуды ойлайды.
Бір күні сейілде келе жатып інінің аузында жыланның күншуаққа жылынып жатқанын көріпті. Жанында бір кісі ұйықтап жатыр екен. Тышқан барып оның мұрнын тістеп алып жыланға қарай тұра қашқан. Кісі оянып тұра қуған. Қараса алдында жатқан жыланды көріп, тышқаннан мұның зияны көбірек болған соң, жыланды өлтіруге алданып қалыпты да, тышқанды қоя беріпті. Жыланды өлтіріп ол кісі кетіп қалған соң, тышқан қайта келіп өз ініне тұрыпты.
Еш уақытта нашарға зорлық қылмау керек. Оған болысуға күшті адам табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *