Сиыр мен теке

Сиыр мен теке
Бір кемпірдің бір сиыры мен бір текесі болыпты. Сол сиыр менен теке малда бірге жайылады екен. Сиыр сауған мезгілде де айналып тұрмайды екен. Сонда кемпір сиырына нан, тұз алып келіп, беріп айтады: «Тыныш тұр шырағым, мә,мә, тағы алып келіп беремін, бірақ түзу тұр», – депті.
Екінші күні кешке теке сиырдан бұрын өрістен келіп, кемпірдің алдына керіліп тұра қалыпты. Кемпір орамалменен текеге сермеген екен, теке қозғалмай тұрып алыпты, жуас болып, кемпірдің сиырға «жуас тұрсаң, нан беремін» дегені есіне түсіп. Кемпір текенің жүрмегенін көріп таяқпенен ұрып жіберіпті. Сонда теке кеткен соң кемпір сиырына тағы да нан бере бастапты, тыныш тұр деп.
Сонда теке ойлайды: «Адамда әділдік жоқ, мен сиырдан да жуас тұрып едім, сонда да ұрып жіберді», – деп, бір жаққа қашып барып, кемпірді сүзіп, сүтін төгіп, өзін жаралы қылыпты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *