Піл мен түлкі

Піл мен түлкі
Баяғы заманда, бір таудың бөктерінде тұңғиық гүлмен көмкерілген бір
көл болыпты. Көлдің бір жағында піл, енді бір жағында түлкі жасапты.
Бір жолы піл тұңғиық көлінен су ішіп қайтып бара жатқан жолында түлкіге жолығып қалыпты. Сонда түлкі:
– Менімен сайысуға шыдайсың ба? Сайысуға шыдамасаң, дөдеңе жол бер, – депті.
Піл «бұл арам пасық немені тісіммен, тұмсығыммен, не аяғыммен
өлтірсем пәк денем былғанар, онан да тиіспей-ақ қояйын» деп түлкіге жол беріп өткізіп жіберіпті.
«Дерендей ақымақ бір ауыз сөзімнен шошып кетті, енді мұны ары-бері
тырқыратайын» деп ойлаған түлкі пілдің артынан кіжіңдеп айдапты. Таяп келген түлкіні сезген піл:
– Арам нәрсеге арам нәрсемен төтеп беру керек, мен сенің көзіңді лас
нәрсемен жояйын, – деп қатты күшеніп қалыпты. Сонымен түлкі пілдің жас тезегінің астында қалып өліпті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *