Жазба жұмыстарының түрлері

Жазба жұмыстары мазмұны мен мақсатына қарай 4 түрге бөлінеді: дербес, нанымды; ақпараттық, шығармашылық.

Дербес жазылым – жазушының жеке тәжірибесі мен сезімін көрсететін, бірінші жақты көзқарасты қолданатын, баяндаудың басы, ортасы, аяғы қызықты құрылымды болып келетін, оқиға орны мен реті логикалық тізбекте берілетін, уақытты көрсететін сөздер мен оқиғалар ауысу тәртібі байыппен баяндалатын жазылым түрі.

Дербес жазылым төртке бөлінеді: хат, өмірбаян, күнделік, монолог.

Нанымды жазылымнақты тақырып бойынша айқын пікір айтатын, пікір нанымды себептер мен дәлелдермен негізделетін, келтірілетін себептер мен дәлелдер логикалық тәртіппен берілетін, аудиторияны сендіру басты талап болатын, арнайы пікірді білдіретін сөздік қор көбірек қолданылатын жазылым түрі.

Нанымды жазылым түрлері: 1) жарнама; 2) рецензия; 3) ашық хат; 4) ұсыныс; 5) комментарий; 6) эссе.

Ақпараттық жазылым – тақырып бойынша маңызды мәліметтерді нақты беретін, әртүрлі дерекөздерден алынған ақпаратты қолданатын, әртүрлі дерек пен мәліметтерге сүйеніп, қорытынды шығаратын, деректер мен мәліметтер жүйелі берілетін жазылым түрі.

Ақпараттық жазылым түрлері:

  1. Хабарландыру; 2. Сұхбат; 3. Жаңалық; 4. Есеп; 5. Хабарлама; 6. Бұйрық; 7. Шақыру; 8. Баяндама; 9. Нұсқаулық.

Шығармашылық жазылым – өте шығармашылық тұрғыда жазылған, идея және стильден  шығармашылық мінез көрінетін, жұмыс барысында өте көркем және әсерлі сөздер таңдалып қолданылған, әсерді жақсарту үшін сәйкестендірілген құрылым қолданылған; кейіпкерлері мен сюжеті жанды суреттеліп, оқиғалар реті жымдасып, оқырманды қызықтыратын жазылым түрі.

Шығармашылық жазылым түрлері:

1) әңгіме; 2) ертегі; 3) сценарий; 4) сахналық сөз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *