Екі қой

Екі қой
Екі қой бірігіп жолдас болысыпты, далаға барып даладан бір қасқырдың басын тауып алысыпты. Сонан соң үйлеріне қайтысып келе жатып жолда бір үйге кез келіп қалысыпты. Ішіне кіріп келсе, үйдің іші толған қасқыр екен. Сол қасқырлар өздері аш болған соң келген қойға мейлінше қуанып қай жерге отырғызарын біліспейді. Бұларды көріп қойлар істің жаман болғанын байқасып, әлгі қойдың біреуі тұрып, біреуіне айтады: «Менің қарыным ашты кешегі сойған қасқырдың басын алып келші», – дейді. Сонда біреуі басты алып келіп тұрып айтады: «Сен бұл басты жеп қоясың, мен нені жеймін? – дегенде айтады, – аз ба саған мұндағы толып тұрған қасқырлар? Таңдап семізірегін соямыз да екеуіміз жерміз, маған жалғыз бұл бастың өзі де аз болады, – дейді.
Қасқырлар сонда мұны ести сала мейлінше қорқысып кетіп, сасқандарынан үйден бірінің артынан бірі шығып қашып кетіп қалған соң, айтылмыш үйге екі қой ие болып қалған екен дейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *