Асқақ аққу

Асқақ аққу
Ертеде бір өзеннің жағасын бір құндыз бен бір аққу мекендепті. Олар
көрші отырса да, асқақ аққу әспенсіп, өзінің көріктілігін, көргіштігін мақтан етіп, көзім елбең еткен елесті алыстан шалады деп күпінеді екен. Ол «құндыз сияқты қысық көз, алысқа көз аясы жетпейтін неме менің теңім емес» деп қарайды екен.
Күндердің бірінде еңбекшіл құндыз өзен жағасында еңбек істеп, жаңа үй
салу үшін ағаш материалдарын әзірлеп жатқанда, өзенде арлы-берлі жүзіп жүрген аққу құндыздың қасына келіпті. Аққудың келгенін көрген құндызжалма-жан көтерген ағашын жерге қойып, істеп жатқан әрекетін тоқтатып, оған таяна барып:
– Сәлеметсіз бе аққу аға! – деп амандық сұрапты.
– Е, есен бе едің! Мені енді ғана көрдің бе? Расында соқыр екенсің ғой! – депті тәкәппар аққу басын болымсыз ғана шұлғып, – сенің көзің күндердің бірінде түбіңе жетеді ғой, аңшы құрғыр келіп-ақ сені тірідей дорбасына салар әлі.
– Сіздің көру қуатыңыз менікінен көрі әлдеқайда жақсы, алыстан
көресіз, бұған дау жоқ, – дейді құндыз. Бірақ құлағыңызды түріңіз, өзеннің қарсы жағасынан судың шалпылы естілер ме екен?
– Жоқ, ешқандай қыбыр байқалған жоқ, судың шалпылын естімек түгіл,
көрініп тұрған ағаштардың арасынан ештеңе байқалмайды, – депті бадырая қараған аққу құлағын түре.
– Тыңдаңызшы ана жақтан судың шалпылы естілеме, жоқ па?
– Қай жақтан?
– Өзеннің алдыңғы иіні жақтан.
– Жоқ, титтей де сыбыс жоқ, қайдағы судың шалпылы,ол тұрмақ көрініп
тұрған ар жақтағы ағаштардың арасынан да қылт еткен нәрсе байқалмайды.
– Жақсырақ тыңдаңыз, – депті құндыз тағы да – Таяу арадан шыққан
осы шалпылды да естімедіңіз бе?
– Қай жақты айтып тұрсың?
– Өзеннің алдыңғы иінінен бері өтті ғой.
– Қой ары, ештеңе жоқ. Сен өтірік айтып мені әтейге қылжақ еткің келіп
тұр ғой.
– Көзіңіз сізге қандай болса, менің құлағым да өзіме төтенше маңызды, –
депті құндыз су түбіне сүңгіп бара жатып, – Сау тұрыңыз аққу аға!
– Сен…сені ме соқыр! – депті аққу оның сөзіне мойынсал бола қоймай
іштей күпініп, – Шылғи өтірік бәлсінесің, сенің жаман құлағың менің алда болатын істі қалт жібермей көретін көзімнен садаға кетсін! Асқан-ақ екенсің!
Аққу осыларды ойлап көңілі лекіпті. Сонан қораздана ол осылай масайрап, төңірегіне шола қарап, мардамсып тұрған тұста салға мініп шыға келге аңшы, оқтаулы мылтығын аққуға кезеп үлгірген еді. Қанатын қағып көтеріліп болғанша «тарс» еткен мылтық даусы шығып, паң аққу сол жердің өзінде жалп ете түсіпті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *