Түлкі мен тауық

Түлкі мен тауық
Ерте, ертеде бір тауық ескі дуалды мекендеп, балапан басып жүріпті. Бір күні дуалға шығып жүрсе көз көрім жерде жер иіскелеп қаншырдай жараған бір аш түлкі бұраң қағып, дуалға тура тартып келеді екен. Дереу оны көріп тауық өзінен де балапандарынан да қауіптеніп қатты абыржыпты. Бұл жыртқыштан қайтіп аман қалудың шарасын ойластыра бастапты. Өзім ғой бір амалын көрер едім, балапандарымды қалай құтқарамын деп қамығыпты. Ұзақ уақыт дән татпаған аш түлкі «тауықты қайтсем қолға түсіріп қарын тойғызамын» деген қиялда болыпты да:
– Бұл тауық қанатты құс, үркітіп алсам, аспанға ұшып кетеді, мұны
үркітіп алмай, жөн сұраған болып, ақырын жақындап, абайсызда қолға түсірмесем, басқа амал жоқ, – деп жөн сұрасып жақындай бергенде, таяу маңнан бір шаң шығыпты. Мұны көрген түлкі бір жағынан тауыққа жақындаса, енді бір жағынан, шаң шыққан жақтан адам келіп қала ма деп қауіптеніп жалтақтай беріпті. Шаң жақындай түскен сайын түлкі сабырсызданып, тауыққа:
– Сен биіктесің – ғой, мына шаң ненің шаңы? – деп сұрапты. Түлкінің
қорқып тұрғанын сезген тауық, түлкінің тазыдан қорқатыны есіне түсіп:
– Таңертеңнен осы төңіректе төрт-бес аңшы адам бірнеше тазыларын
ертіп, түлкінің ізіне түсіп жүрген. Солар екен, — деп бойын созып солай қарап қойыпты, соны естігенде түлкі:
– Бірнеше тазы дейсің бе? – деп көзін жарқ еткізіп бір қарап алып,
тауықтан алыстай беріп:
– Япыр-ау, сөзге айналып тұрып кеш болғандығын білмей қалыппын –
ғой, баратын жерім алыс еді, кеш болмай жетіп алайын. Тауық саған рақымет, — деп құйрығын бір бұлғап айнала бергенде:
– Түлкі – түлкі, – деген айғай шығыпты. Өте шошынған түлкі екінші
бұл дуалға қайтып келмепті. Тауық алаңсыз бұл орнын мекен етіп, өсіп-өрбіп жасай беріпті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *