Тауар және тауар саясаты

  1. Тауардың жалпы сипаты.
  2. Тауардың жіктелуі.
  3. Тауардың өмірлік циклі (ТӨЦ)
  4. Тауар саясатының міндеттері.

 

Тауар дегеніміз нарық жүйесіндегі негізгі әрекет етуші «тұлға» десек те болады. Өйткені ол өндірушінің экономикалық пәрменділігінің шынайы көрсеткіші болады. Экономика теориясында тауар экономикалық категория ретінде белгіленген. Нарықта әртүрлі көптеген тауар түрлері орын алады. Тауар нарығындағы зерттеу жұмысын жеңілдету үшін және маркетинг стратегиясын құрып, тұтынушылардың сатып алу жағдайын қалыптастыру үшін тауарлар жіктеліп қарастырылады. Тауарлар бөлінеді:

Дәстүрлі тауарлар:

  • Тұтыну тауарлары
  • өнеркәсіп тауарлары
  • биржа тауарлары

Қызметтер түріндегі тауарлар:

  • тұрмыс қызметтері
  • іскерлік қызметтері
  • әлеуметтік қызметтері

Дәстүрлі емес тауарлар:

  • ұйымдар
  • адам күші
  • орындар
  • идеялар

Тұтыну тауарлары – түпкі тұтынушылардың жеке пайдалануына арналған тауарлар. тұтыну уақытына қарай олар ұзақ және жиі қолданылатын тауарлар, қысқа мерзім пайдаланылатын тауарлар деп бөлінеді. Ал тұтыну әдістеріне қарай күнделікті сұраныстағы тауарлар (үздіксіз сұраныстағы тауарлар, импульстық тауарлар, төтенше сұраныс тауарлары), алдын ала таңдалып, сатып алу жоспарына енгізілген тауарлар, ерекше сұраныстағы тауарлар, пассивті сұраныстағы тауарлар деп бөлінеді.

Өнеркәсіп тауарлары өз ішінде материалдар мен бөлшектер, шикізат, жартылай фабрикаттар, күрделі мүлік, қосалқы материалдар тауарлары деп бөлінеді.

Биржа тауарлары – дүниежүзілік экономикада маңызды роль атқаратын, оңай стандартталатын тауарлардың шағын тобы. Оған жататындар: энергия көзі болатын тауарлар, азық-түлік тауарлар, стратегиялық тауарлар, металдар.

Экономика ғылымында көлемдердің кезең түріндегі толқуын және өнім өмірінің кезеңдерін экономикалық циклі немесе тауардың өмірлік циклі деп аталады. Тауардың өміршеңдік кезеңі дегеніміз тауардың нарықтағы өмір сүру мерзімі, өмір сатылары болады. Тауардың өміршеңдік кезеңі 4 фазадан тұрады: нарыққа енгізу, өсу, кемеліне жету, құлдырау.

 

Әдебиеттер:

  1. Романов А.Н. Маркетинг, М.,ЮНИТИ,1996 78-85б.
  2. Мамыров Н.К. Маркетинг, Алматы. 1999, 98-119б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *