Нарықты сегменттеу

  1. Сегменттеудің түсінігі.
  2. Сегменттеудің негізгі белгілері.
  3. Нарықтың нысаналы сегменттерін таңдау.
  4. Тауарды нарықта жайғастыру
  5. Нарық және конъюктура.

 

Маркетинг тұрғысынан қарағанда нарықтар бір-біріне ұқсамайтын, әрбір рынокта ерекше тұтынушылардан тұрады. Ал коммерциялық әрекет табысты болуы үшін тұтынушылардың әртүрлі категориясының айрықша талабын есепке алу керек. Міне осы нарықты сегменттеудің гнегізі болады.

Сонымен нарықты сегменттеу дегеніміз рыноктағы тұтынушыларды әртүрлі топтарға бөлу және әр топтың талабына сай жеке тауарлар мен оның маркетинг кешенін ұсыну болады. Маркетинг іс-тәжірибесінде рынокты сегменттеу арқылы фирма мынандай нәтижелерге ие болады:

Тұтынушылардың әртүрлі тауарға деген қажетін қанағаттандыру деңгейін максималды дәрежеге жеткізеді;

Фирманың тауарды өңдеуге, өндіруге, өткізуге кеткен шығындары ұтымды және үйлесімді болуын қамтамасыз етеді;

Тауардың, фирманың бәсекелік қабілетін жоғарылатуға қатысады.

Тұтыну тауарлар рыногын сегменттеуде мынандай негіздер алынады: география, демография, психография, тұтынушылардың құлығына қарай.

  1. география негізінде рынокты сегменттеуде сатып алушыларды мекендеу орнына немесе климаттық жағдайына байланысты бөледі.
  2. демография негізінде рынокты сегменттеу принципі де өте жиі қолданылатындарға жатады. Оның сипаттамаларының оңай қолға түсуімен, уақыт жағынан тұрқтылығымен, сұраныспен тығыз байланыстылығымен ерекшеленеді.
  3. психографиялық негізде тұтынушылар сипаттамалары бір тұтас кешенді болып келеді.
  4. тұтынушылардың қулығына қарай рынокты сегменттеу, көптеген мамандардың пікірі бойынша, рынок сегментін құрудағы логикалық негізі болып табылады.

Нарықтың нысаналы сегменттерін таңдау дегеніміз – ол нарықтың бір немесе бірнеше сегментіне фирма өзінің тауарымен шығу үшін сол сегменттерді бағалап, таңдап алу болады. Нарықты игеруде 3 стратегия қолданылады:

  1. дифференциалданбаған маркетинг. Мұнда тұтынушылардың мұқтаждарын айырмай, олардың ортақ мұқтажы белгіленеді.
  2. дифференциалданған маркетинг. Мұнда фирма нарықтың бірнеше сегментіне шығып, әрқайсысына жеке ұсыныс дайындайды.
  3. шоғырланған маркетинг. Бұл стратегия ресурстары шектеулі кәсіпорындарда қоланылады.

Фирма қайсы сегментке тауарымен шығуын шешкеннен соң, оған қалай енуін анықтайды. Сондықтан, фирма бәсекелестердің жайғасымын, дәлірек айтқанда, олардың сол нарықтағы үлесін анықтап алғаннан кейін, өзінің тауарын жайғастыруы тиіс.

            Нарықта тауарды жайғастыру дегеніміз нарықтағы тауардың бәсекелік орнын қамтамасыз ету және оған сәйкес келетін маркетинг кешенін дайындау болады.

 

Әдебиеттер:

  1. Романов А.Н. Маркетинг, М.,ЮНИТИ,1996 78-85б.
  2. Мамыров Н.К. Маркетинг, Алматы. 1999, 98-119б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *