МЕКТЕПТЕ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ КАБИНЕТТЕРІН ЖАРАҚТАНДЫРУ

Мақсаты:  Мектепте құқық және экономика кабинеттерін қазіргі кезең талаптарына сай жарақтандырудың жолдары туралы мағлұмат беру.

Жоспар:

  1. Мектептегі құқық және экономика кабинетінің міндеттері.
  2. Кабинет жұмысының үйлестірілуі. Кабинетке жауаптылық.

Мектепте құқық  кабинеті болуы керек. Құқық кабинеті өз міндетіне сәйкес:

  • құқықтық тәрбие жұмысын жоспарлайды және үйлестіреді;
  • бұл шараларға құқық қорғау органдарының, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелерінің және тағы басқа саланың қызметкерлерін қатыстыра отырып, дәрістер, әңгімелер, сұрақ – жауап кештерін,құқықтық білімнің олимпиадалары мен жарыстарын, диспуттар, викториналар өткізуді адамгершілік – құқықтық тақырыптағы кинофильмдерді көру және талқылауды ұйымдастырады;
  •  оқушыларды, ата – аналарды қабылдайды, заңдарды түсіндіреді, кеңестер береді, ғылыми  көпшілік заң әдебиетін қолдануды қамтамасыз етеді;
  • құқық бұзушылықпен күрестің жағдайы туралы мәліметтер ала отырып, құқық қорғау органдарымен үнемі байланыста болады;
  • оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және оларды тәрбиелеу кеңесінің штабы ретінде қолданылады.

Құқық кабинетінің  жақсы жабдықталған кітапханасы, заңға қатысты мол әдебиеті, көрнекті құралдары, заң мәселелері жөніндегі стенділері болуы тиіс.

Кабинетке басшылық жасау, үйлестіру  құқықтану пәні оқытушыларына жүктеледі. Егер құқық пәнінің мұғалімі бірнеше болса, олардың біреуі сол кабинетке жауапты болады.

Құқық кабинетін — құқық бұзушылықьың алдын  алу, құқықтық білім беру, тәрбиелеу және құқық пәні оқушыларының арасындағы құқықтық тәрбие жұмысы тәжірибелерімен алмасу орталығы болатындай етіп жабдықтау қажет.

Жалпы, құқық пәніне қатысты әдебиеттер, зерттеулер соңғы кезде көптеп шығарылып жатыр, бірақ оларды кез келген мұғалім немесе оқушы сатып ала алмайды. Себебі, құқықтық әдебиеттер  қымбат тұрады және таралымы аз болады. Сондықтан қажетті құқықтық әдебиеттердің құқық кабинетінде сақталғаны дұрыс. Бұл оқушының да,  оқытушының да оны пайдалануына мүмкіндік береді. Құқық кабинетіндегі кітапхананы оқушыларды қатыстыра отырып реттеп қоюға болады. Мәселен, кабинеттегі кітап қорларын бөлімдерге бөлу. Мысалы, мынандай бөлімдерден тұруы мүмкін: 

  • Қазақстан Республикасының Заңдары;
  • құқық салалары бойынша нормативті – құқықтық актілер;
  • құқық салалары бойынша зертеулер;
  • оқулықтар мен оқу құралдары;
  • әдістемелік құралдар;
  • баспа материалдары (журналдар, газеттер).

Құқық кабинеті  мүмкіндігінше  техникалық құралдармен де жабдықталуы керек, яғни диафильмдер, оқу фильмдері. Оқу киносы, дыбыс жазатын құралдар, электронды оқулықтар т.б. Құқық кабинетінде графопроектордың болғаны дұрыс, ол әр түрлі слайд – кестелерді көрсетуге өте тиімді. Әрине, техникалық құралдарды пайдаланғанда  техника қауіпсіздігін сақтаған жөн, ол туралы құқық кабинетінде арнайы нұсқау жазылып, көрнекі жерде ілініп тұрса артық болмас еді.

Құқық кабинетінің  дұрыс жабдықталуы, құқық сабағының сапалы өткізілуіне қолайлы жағдай жасайды және ол мұғалімнің сабақты өткізу барысындағы  көрнекі құралдарды пайдалану үшін техникалық құралдарды іздеуден босатады. Толық, дұрыс жабдықталған құқық кабинеті сабақтан тыс жұмыс жүргізуге де өте қолайлы. Құқық үйірмелерінің, клубтардың мәжілістерін де осында өткізуге болады.

   

Талқылау сұрақтары:

 

Ұсынылған әдебиеттер:

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *