Баға саясаты

  1. Нарық жағдайындағы баға
  1. Бағаның негізгі қызметтері
  2. Нарықтың құрылымы және баға жасау
  3. Баға жасаудың міндеттері  

 

Баға дегеніміз тауар құнының ақшалай белгісі. Құнмен бірге сұраныс пен ұсыныс бағаға өз әсерін тигізеді. Бағаның атқаратын қызметтері оның ішкі мәнін сипаттайды. Бағаның атқаратын 5 қызметі белгілі:

  1. Есеп жүргізі қызметі белгілі қажеттілікті тауардың қанағаттандыруы қоғамға қанша шығынды керек ететінін көрсетеді.
  2. Ынталандыру қызметінің мәні әр түрлі тауарларды өндіруге және тұтынуға бағаның тигізетін әсерімен анықталады.
  3. Бөлу қызметін баға тауардың құнынан төмен, немесе жоғары ауытқуы арқылы орындайды.
  4. Сұраныс пен ұсынысты тепе-теңдік қызметінде тұтыну және өндіру, ұсыныс пен сұраныс араларындағы арақатынасына баға күшті ықпал тигізеді.
  5. Өндірісті ұтымды орналастыру қызметінде баға механизмі арқылы экономиканың салалар арасындағы капиталдың құйылуы жүргізіледі.

Баға белгілеу ісіқиын және көпсатылы үдерісі болады. оны жалпы алғанда қысқаша былай сипаттауға болады;

бағаны жасау мақсатын анықтау

сұранысты анықтау

шығындарды бағалау

ұсынысты, бәсекелестердің бағаларын және тауарларын талдау

баға құру әдісін таңдау

түпкілікті бағаны белгілеу.

            Фирма түпкі бағаны белгілеп, оның деңгейін одан кейін маркетингті ортаның факторларына қарай анықтайды.

 

Әдебиеттер:

  1. Романов А.Н. Маркетинг, М.,ЮНИТИ,1996 292-305б
  2. Мамыров Н.К. Маркетинг, Алматы. 1999, 166-176б.
  1. Уткин Э.А. Маркетинг. М., 1998 146-222б.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *