Венн диаграммасы

Венн диаграммасының негізгі мақсаты-оқушыларды салыстыра ойлай білуге, заттар мен жағдаяттардың немесе арнайы ақын-жазушылардың өмір деректерінің өзара айырмашылығы мен ұқсастығын табу арқылы сыни ойлауға дағдыландыру болып табылады.

Ерекшелігі / қосымша ақпарат
Венн диаграммасының басты ерекшелігі: білім алушыларға арнайы сызбаларды көрсете отырып, салыстыра сыни ойлаудың жалпы парагдигмасын қалыптастыру.
— Тиімділігі
Венн диаграммасының тиімділігі: оқушылар салыстыру сызба-жұмыстары арқылы екі түрлі заттың, я болмаса, жағдаяттар мен тұлғалардың айырмашылығы мен ұқсастығын оңай таба алады. Сонымен қатар, аталмыш тәсіл оқушылардың салыстыра-сыни ойлау жүйесін бейнелік ес тұрғысынан дамытады.
— Теріс жақтары (болса) Меніңше, жоқ.
Сабақтың қай кезеңінде қолдануға болады
Венн диаграммасын салыстыруды қажет ететін тақырыптарда қолдануға болады. Тақырып аясында екі түрлі затқа сипаттаманы беру мақсатында аталмыш тәсілді пайдаланған өте дұрыс.
Мысал түрінде көрсету.

Алтыншаш КУРМАНАЕВА.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *