Пунктуация тақырыбына байланысты 5 практикалық тапсырма

1. Берілген мәтінде оқып, сөйлемдерге тиісті тыныс белгілерін қойыңыз және мәтінді мазмұндаңыз.

Ақбілек үнін шығаруға мұршасы келмей өлген кісідей отырған жерінде сіресіп қалды.
Ақбілектің жан дауысы түнді тіліп жібергендей шырт ете түсті қасқыр біткен жарық беріп көздері жалт етіп тістері сақ етіп ошырайып тұра қалды. Қасқырлар ырылдап күрілдесіп бураша шабынып тұрып алды. Ақбілек қасқырлардың қарсы шабатынын білгендей жалма-жан жан ұшырып қостан атып шығып қараңғыда көзім жоқ деген балаша айнала дөңгеленіп айғайды салып ағашын сермей берді.
Анда-санда арс-ұрс ұрып еткен дауыс шығады. Қасқырға тиді ме қосқа тиді ме әйтеуір ағашы бірдеңеге тигенде сүйсініп қалады. Қасқыр одан жаман өршеленеді Ақбілек жан ұшыра сермейді Қасқыр қамалайды. Ақбілек сабалайды қасқыр абалайды. Ақбілек Алалайды қасқыр долданады Ақбілек дөңгелейді Қасқыр күркілдейді Ақбілек шырылдайды қасқыр қырқырайды Ақбілек шырқырайды Сөйтіп Ақбілек көп қасқырмен көп соғысты.

Ж.Аймауытов


2. Берілген төл сөздерге тиісті тыныс белгілерін қойып, қойған тыныс белгілеріңізді түсіндіріңіз.
1) Көктемде неге желікті деп сұрадым мен.
2) Абай былай деді Баланың жақсысы қызық жаманы күйік.
3) Жақсы кездестің деді Сатан.
4) Абай Ақылбайдан Қалада не бар деп сұрады.
5) Түн еді Ұйықтап жатыр едік Сұратай оян деген дауыс құлағыма сап ете түскенде басымды көтере түрегелсем жер қозғалғандай үйім дірілдеп барады.

3. Төменде берілген мақал-мәтелдерге тиісті тыныс белгірін қойыңыз. Мақал-мәтелдердің мән-мағынасын түсіңдіріп, сөйлем құрастырыңыз.
1) Жарақты жауды жайратқан сөз.
2) Сөздің басы бір пышақ
Аяғы бір құшақ.
3) Сөз түпсіз өмір шексіз.
4) Сөз жүйесін тапсы мал иесін табады.
5) Көне сөз жаңа сөздің қазығы.


4. Төменде берілген өлеңге тиісті тыныс белгілерін қойып, өлең мазмұнын түсіңдіріңіздер.

Балуан Шолақпен кездескенде

Мен келдім сәлем беріп батыр аға
Атағың кең жайылған Сарыарқаға
Бала едім жаңа талап іздеп келдім
Өзіңнен сұрайын деп ақыл аға


Атағыңа ардақты аға құмар едім
Нашарға саяң түскен шынар едің
Қасыңда тоғыз жігіт жолдасың бар
Жақтырасың мен де бірге шығар едім


Көзіңнен қырын салшы Балуан аға
Даңқыңыз талай елге барған аға
Бала едім жаңа талап ақын-әнші
Әніңді үйренейін алуан аға

К.Әзірбаев

5. Қатемен берілген мәтіндегі сөйлемдерге дұрыс тыныс белгілерін қойыңыз. Мәтінді мазмұндаңыз.

У қарағай

У қарағай: өте сирек кездесетін ағаш. Ол жержүзінде бірнеше ғана жерде: Кавказда Қиыр Шығыста Британ аралдарында қалды. У қарағай ұзақ өмір сүреді мың жылдан да астам жасайды. Қызғылты түсті өте әдемі мықты ағаш. Адамдар оны тақтай жасау үшін пайдаланады.
У қарағайдың қылқаны қара көк тіпті қап-қара жалтырап тұрады. Ол: улы. Егер жылқы житін болса бірден өледі. Ал бұғылар еліктер онымен қатар өмір сүріп үйреніп кеткен. Олар үшін у қарағайдың қылқаны қауіпті емес.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *