АҚ ПЕН ҚАРА ЖАЙЛЫ ЕРТЕГІ

Баяғы  заманда Ақ пен Қара атты екі қыз айнымас құрбы болыпты. Ақ мінезі жайсаң, еті тірі, жаны мен тәні теңдей сұлу қыз екені түрінен айқын көрінеді. Ал Қара әлгі қыздың антонимі іспеттес. Оның келбеті жанына қалай өлшеп бақсаң да сәйкес келмейді. Ажары алтындай жылтырағанымен де жаны тастай суық әрі тығыз. Бірде Ақ пен Қара адам сенгісіз үлкен саяхатқа аттанады. Ақ пен Қараның азығы тауысылып, не істерлерін білмей тұрған тұста олардың жолына бір жолаушы кезігеді. Ақ онымен жылы шыраймен амандасады. Ал Қара сәл басын изегендей болады. Ақтың тәрбиелігіне сүйсінген әлгі қарт жолаушы Аққа су құйылған құты беріп, өз жөнімен кетеді. Қара әрине ит терісін басына қаптайды. Ол Ақтың су алғанын құптамай, долданады. Қараның тамағы кеуіп, әзер жүргенін көрген Ақ оған жаны ашып,  жолаушы сыйлаған суды түгел ішуге береді…. Жалғасы бар…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *