Тар Заман

«Ұйқыда жатқан халық, не ұлтын жоғалтады, не өледі» деп халқымыз бекер айтпағандай, өткен ғасыр ширегінде аюдың ақ саусағындай бейбіт ғұмыр кешкен халықты қараңғылықтан оятып, жігерін құм қылмаған, ұлы да бірегей тұлғалар ұлы дала елінде аз болмады…Көздерінен білімнің сәулесі, жүректерінен халықтың есімі жалын болып көрінетін дана, дара тұлғаларды санап, саралауға уақыт жетпесі анық. Алайда олардың есімі ешқашан халық жадынан өшкен емес, өшпейді де. Ендеше, келер ұрпаққа мәңгі өшпес бағалы еңбек пен есім қалдырған  терең ойлы тұлғаларымыз жайлы түсірілген керемет туындыны қабыл алыңыздар. Бұл-Тар заман фильмі. Фильмде елдің азаттығы жолында жарғақ құлағын жастыққа тиместен ғұмыр кешкен ұлы кемеңгер  тұлғалар жайлы баяндалып, көрсетіледі. Аталған фильмді көрген жан еш өкінбесі анық. Өйткені, фильмде ақын аталарымыздың өмірі  мен сыры қатар суреттеліп, бейнеленеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *