Достарыма

О, достар, айтқанымды жылы тыңдар, Бәріңе, бәріңе айтар үгітім бар, Көл жаққа тартайықшы баяғыдай, Жұмысты бірер күнге ұмытыңдар. Бармаңдар қам-қаракет жайлы ұғымға, Ұмыт боп қалсын бүгін қайғы-мұң да. Құлаштай жарысайық бұрынғыдай, Алысып Алакөлдің айдынында. Дауласып, дабырласып, дүрлігісіп, Мәз болып баяғыша бір күлісіп, Ұмытып дүниеде жұмыс барын, Шалқып бір жатайықшы нұрды Ары қарай оқу …

Мінез

Мінезім бе? Мінезімді біл әлі, Сырттан қарап болма бекер күнәлі. Сергек көңіл, сергек сезім кісінің, Қас-қабағын қалт жібермей тұрады. Жүнжіген бір жігіт болам ойға ерсем, Дөрекімін – өзімсінген «дөй» көрсем. Мені білу оңай десең, туысқан, Оңбай ғана қателестім дей бер сен. Топастарға тоңмойын боп көрінем, Жағымпазға жақындауға ерінем. Аңқылдаған адал Ары қарай оқу …

Ақын

Ақын ба? Ақын – ой үнсіз, Ұққаның ғана ұғарсың. Ақын – қос жанар тойымсыз, Көруге бәрін құмар шын. Ақын – бір самал сезім ол, Жүрегін тыңдар не десе. Боран боп соғар кезі мол, Үнсіз де жүрер немесе. Ақын – құс алыс ұшпайтын, Қалдырып ұя-қонысты, Ақын – қол қару ұстайтын, Болдырмау Ары қарай оқу …

КӨКТЕМ

  Толтырып ауламызды ерке үнімен, Қарлығаш қайта оралды төркінінен, Көктемде көкте мөлдір жүзсем дей ме, Ақшабақ атылады көл түбінен. Төменде сақылдап кеп, бұлақ күлді, Серуеннен қыздар қайтты гүл ап түрлі. Көңілін соның бәрі босатқандай, Елжіреп көктем шіркін жылап тұрды.   Сәкен Иманасов

Бүгінгі келбет, нұр көрік,

Бүгінгі келбет, нұр көрік, Жарқырай бермес, тотығар. Алпысқа таман тың келіп, Ақыл да шаршап отырар. Күлкіңнің құны қымбаттар, Қызыққа қайнап қан қызбай. Бүгінгі асау ырғақтар, Құрық та жүрер салғызбай. Қарттық – ол қысқа қоныс-ты, Өкінбеу үшін өткенге, Қолыңнан келген көп істі Қаусатып кет сен көктемде…   Сәкен Иманасов

БІРЕУГЕ

  Атақ бар сенде, бар байлық, Сөз емес талант, дарындар. Сөзіңді сөйлеп, дардай ғып, Жүретін адамдарың бар. Құлатып кетсе мезгіл кей, Қайтадан тұра қаласың. Біздерді тіпті көзге ілмей, «Биіктей» түсіп барасың. Өзіңнен ептеп төменге, Қоладан құйған бір мүсін. Мансабы биік көп елге, Үлкен де болсаң, құрбысың. Алдыңа бару – сын Ары қарай оқу …

Жастық

Алдан асу жиі күткен, Кейде құлап жол тік төмен. Құла жирен жүйрікпен, Құла дүзде жортып келем. Жүріс көп қой бұ шағымда, Дала салқын, дене қыз-қыз. Туған өлке құшағында, Құйындатып келеміз біз. Не жетеді қызғанда атқа, Жүйткір қамшы жұмсамай да. Қалып жатқан қызғалдаққа, Қарайлайтын мұрша қайда. Бірде шырқап биікке еңсем, Қалың Ары қарай оқу …

Арыз

Ақмола  облыстық  филармониясына  Ұлы  Отан  соғысында қыршын кеткен композитор,әйгілі «Жас қазақ»әнінің авторы,Көкше өңірі, Құдықағаш ауылының түлегі Рамазан Елебаевтың атын беру жөнінде үлкен дау болады. Қазақтың біртуар азаматы-ныңардақтыесімін ардақтау ісіне белсене араласқан Баянғалидың үстінен біреулер облыс әкімі Мәжит Есенбаевқа ақынды «ұлтшыл, рушыл»деп айыптап, арыз да жазады. Сонда Баянғали: Біздің ел қазақ Ары қарай оқу …

Айтысқа неге келдің!?

–Сен жазушысың ғой, айтыс пен жырға кеткенің қалай?–деп-ті бір жазушы жолдасы. СондаБаянғали: –Бұл сұраққа 1985 жылы айтқан мына өлеңіммен жауап берейін: Тоған болған ойларды Бұздырғалы келгенмін, Суып қалған қандарды Қыздырғалы келгенмін, Кеудемдегі жалыным Сөнбесін деп келгенмін, Қазағымның киелі Айтыс дейтін өнері Өлмесін деп келгенмін!–деген екен. Б.Әлімжанов

Үміт пен сенім

Белгілі кәсіпкер Марат Нәбиев қамқорлық жасап, қаржылай көмектескен талапкерлердің біразы алға басып, азамат атаныпты. Олардың ішінде әр салада елеулі тұлғаға айналғандары да бар. Сенімін ақтамай,алдап кеткендері дежоқ емес екен. Бір тойда сапқа тізіліп, сөйлеп тұрған бір топ адамға қарап отырып, Мараттың жақын ағасыАйтбай: –Осылардың көбін адам қылған Марат! –депті Баянғалиға. Ары қарай оқу …