АГРЕГАТТЫҚ КҮЙ

АГРЕГАТТЫҚ КҮЙ — заттың (су, темір, күкірт, т.б.) белгілі бір жағдайдағы (темп- ра, қысым) күйі. Заттар 3 не 4 түрлі агрегаттық — газ, сұйық, қатты дене және плазма күйінде болады. Мыс., су сұйық, мұз және бу күйінде кездеседі. Заттың бірнеше А. к-нің болуы оның молекулалары мен атомдарының жылулық қозғалысындағы ерекшеліктеріне байланысты. Әр күйдегі бөлшектердің тартылыс күштері электрондардың қатысуына тәуелді. Мыс., қатты және сұйық денелерге қарағанда газдарда бөлшектердің еркін тербелмелі қозғалыстары өте жоғары болады. Заттар бір А. к-ден екіншісіне өткен кезде олардың кейбір физ.-хим. қасиеттерінің (энтропия, тығыздық, т.б.) өзгеруі секірмелі түрде жүреді, яғни заттың құрамы бұрынғы қалпында сақталғанымен, құрылымы өзгереді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *