АВТОМАТИКА

АВТОМАТИКА — 1) автоматты түрде әрекет ететін құрылғылар мен жүйелер туралы теориялық және қолданбалы ғылым саласы; кибернетиканың автоматты басқару және автоматты реттеудің (мыс., басқарушы есептеуіш машиналардың, микропроцессорлы техника негізіндегі басқару құрылғыларының, өлшеуіш түрлендіргіштердің, атқарушы механизмдердің, тех. процестерді реттеуіштердің, ақпарларды тіркеу және бейнелеу құрылғыларының) тех. құралдарын жасау мен оларды тиімді пайдалану мәселелерін зерттейтін бөлімі; 2) техниканың адамның тікелей қатысуынсыз әрекет жасайтын құрал-жабдықтар мен процестерді басқару жүйесін құру мәселелерін шешетін саласы; 3) мақсат етіп қойған мәселені орындау үшін, берілген алгоритмге сәйкес автоматты түрде әрекет ететін механизмдер, приборлар мен құрылғылардың жиынтығы. А. Дж. Максвелл (1868), И.А. Вышнеградский (1872—1878), А. Стодола (1899), т.б. құрған автоматты реттеу теориясы негізінде ғылым ретінде пайда болып, 1940 жылға қарай ғыл.-тех. пән ретінде қалыптасты. Техниканың белгілі саласы ретінде А. Дүн. жүз. энергет. 2-конференциясында (Берлин, 1930) танылды. 20 ғ- дың 2-жартысында А-ның тех. құралдары жетілдіріле түсті. А. Қазақстанда 60-жылдардың басында металлургия мен кен өнеркәсіптерінің карқынды түрде автоматтандырылуына байланысты дами бастады. А. саласынан зерттеу жұмыстары ҒА-ның Тау-кен ісі ин-ты мен Матем. және мех. ин-тында, Қазақ ұлттық техникалық ун- тінде, Қарағанды политех. ин- тында, Алматы автоматтық басқару жүйесінің жобалау- конструкторлық бюросында, т.б. жүргізеді. Республикада микропроцессорлы және микроэлектрондық есептеуіш машиналарды (микроЭЕМ), құралдар мен приборларды құрастыру, сондай-ақ микропроцессорлы техника мен микро- ЭЕМ-ді пайдалана отырып, өндірілетін қондырғылар мен технол. процестерді басқарудың автоматтық жүйесін жасау жұмыстары қолға алынған (1998).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *