Махаббаттан келсін мейлі сынақтар

Мен сені көп сұрағам, арай шашқан таңымнан,
Арман еткем, тілек айтқам, құдайыма жалынғам,
Артық көрем, жүрегімнен, бойымдағы барымнан,
Айтарым сол, Жайнам менің, алыстама, жанымнан!

Махаббаттан келсін мейлі сынақтар,
Өтінемін, маған ғана сыр ақтар!
Сенің үшін, өлугеде мен бармын,
Түспеу керек, жүрегіңе сызаттар!!

Күнім менің, гүлім менің, ғашығым,
Аңсағаным, нəп нəзігім, асылым,
Махаббатым, мөп мөлдірім, əтірім,
Жүрегімде жасап жатқан ғасырым!

Қалағаным, айналайын шұғылам,
Махаббаты-ар намыс деп ұғынам,
Ар намысты ақтау үшін ұрынам,
Ар намысты ақтау үшін жығылам,
Қайта бір сəт келер болсам өмірге,
Өзің үшін, туылам!
Өзің үшін, құрылам!❤❤❤

СТ: Х. Дəулеткерей😊

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *