Келе жаттым жалғыз өзім-өзіммен

Келе жаттым жалғыз өзім-өзіммен,

Жым-жырт түні,

Күллі әлем көз ілген,

Көлеңкелер,

Биік үйлер,

Тым-тырыс,

Шаруасы жоқ

Мендегі бұл сезімнен.

Такси де жоқ,

Тоқтататын торапта,

Қызыл жарық жанып тұрды жолақта.

Апаруға ешкім іздеп келмеді,

Сенбі кеші, бүгін бәрі қонақта.

Әдемі екен, амал қанша, түн бүгін,

Сен қыздармен, мен өзіммен қыдырдым,

Нөміріңді теріп едім,бәрібір,

Жетпей қалды бірлігім.

Тұрды алдымда ескі кафе,

Мұңлы әнін,

Әуеніне қосып жалт-жұлт шырағын,

Жалғыз кіріп,

Ащы иісінен сыраның,

Бір жұбаныш сұрадым.

… Біраздан соң көк түтіннің ішінде,

Билеп жаттым, жеткенінше шыдамым…

Ақсұңқар Ақынбаба.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *