Ыбырай Алтынсарин. Ангимелер, ертегилер

БАҚША АҒАШТАРЫ

Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.

— Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисайып кеткен? —деп сұрады баласы.

— Оның себебі, балам, анау ағашты бағу — қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса кесіп. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен,— деді атасы.

— Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой, — деді баласы.

Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым, мұнан сен де өзіңе әбірет алсаң болады. Сен жас ағашсың, саған да күтім керек. Мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің. Бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағштай қисық өсерсің, — деді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *