Құстар –біздің досымыз


(ашық оқу қызметі)
Мақсаты: Балалардың құстар туралы түсінігін кеңейту. Құстардың атын қазақ тілінде дұрыс айтуға үйрету. Балаларды Отанын, көлін, жерін, таби,атын сүюге тәрбилеу.
Білімділік: Балаларға құстар туралы білім беру, білімдерін жетілдіре түсу.
Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын, сөйлеу мәдениетінің белсенділігін дамыту, құстар өмірінің беймәлім тұстарын айту, жл мезгілдерінің өзгеруіне сәйкес, тіршіліктің де әр түрлі болатынын дәлелдеу.
Тәрбиелік: Құстарға қамқорлықпен қарауға баулу, есте сақтау қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: Әр түрлі құстардың суреттері, құстар туралы бейне слайд.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, қайталату, жаттату.
Билингвалдық компонент: Құстар-птицы, балапандар-птеницы, торғай-вробей-sparrow, ұя-гнездо, қамқорлық-завота, қаз-гусь,қарлығаш-ласточка-swallow, қарға-ворона-crow, кептер-голубь-dove, үйрек-утка, жапалақ-сова, үкі-филин, сауысқан-сороко, тоқылдақ-дятел, шымшық-синица, аққу-лебед.
ҰОҚ-нің барысы:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Сәлеметсіз бе!
-Ендеше балалар қолымызды ұстап бір-бірімізге жылуымызды білдірейік.
Шаттық шеңбері:
Қайырлы таң, ұстазым,
Қайырлы таң , достарым.
Шеңберге тұрайық,
Жылулық сыйлайық.
Доброе утро, учитель,
Доброе утро, гостя.
Посмотрите друг на друга,
Пожелайте добра.
Good moning, good moning,
Good moning to you.
Good moning, good moning,
We like to see you.
-Балалар сендер жарқырап шыққан күнді көргенде қуанасыңдарма?
-Иә, қуанамыз, ол бізге жыу береді.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілі.
-Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
-Балалардың жауабы.Балалар бүгінгі оқу қызметін білгілерің келеме?
Ендеше, біз қазір «сиқырлы қалпақ» ойынын ойнаймыз. Ал балалар, мына қалпақтың астында суреттер бар, оларды атайықшы бәріміз.
(балалар құстардың атауын атап шығады.)
Ендеше осылардың барлық аталған нелер екен?
-Құстар.
-Балалар сонда біздің оқу қызметіміздің тақырыбы: «Құстар –біздің досымыз».
-Балалар қандай құстарды білеміз атайықшы бәріміз?
-Құстар қайда ұя салады?
-Терекке, төбеге.
-Құстар немен қоректенеді?
-Құрт-құмырсқа мен шыбын-шіркеймен қоректенеді.
Қараңдаршы балалар, жер шарын қаншама құстар мекендейді екен. Олардың өмі сүретін ортасына байланысты түсі, тұмсықтары, қанаттары әртүрлі боп келеді. Түрлі жерде мекендеп, әр түрлі ұя салады. Құстардың бізге пайдасы көп екен. Көктем мезгілімен бірге ұзақ атты құс келеді. Балалар, құстардың бәрі жем тауып жеуге бейімделген, бірақ көбісі қыстамайды. Себебі, олар суыққа шыдамайды.
-Неге қарға жылы жаққа қайтпай қыстап қалады?
-Өйткені олар суыққа төзімді.
-Дұрыс айтасыңдар.Құс болмаса біздің өміріміз қиындар еді. Олар бау-бақшадағы, ормандағы зиянды жәндіктермен күреседі. Егер де олар жұмыстарын бір сәтке тоқтатса зиянкетер барлық жапырақтарды жеп, ағаштарды қуратып, табиғатты көріксіздендіреді. Құстар құрт-құмырсқамен қоректеніп, ағаштардың жайқалып өсуіне қамқорлық жасайды.
Ойынның аты: «Өз үйіңді тап»
Сергіту сәті: «Шөжелерім»
Қане, балалар кім құстар туралы тақпақ біледі екен?
Айару: Таспен атып торғайды,
Ұя бұзған оңбайды.
Құс өкпелеп кетеді,
Бақшамызға қонбайды.
Диас: Торғай, торғай, тоқылдақ,
Жерден тары шоқып ап.
Бөтегесі бұлтиып,
Шиқ-шиқ етіп отырмақ.
Айша: Шыр-шыр еткен торғайды,
Қорғамасақ болмайды.
Кіп-кіщкене торғайлар,
Ағаштарды қорғайды.
Балалар тақпақтарын айтып жатқан кезде, қолында рогаткасы бар бір бала кіріп келеді.
-Сен кімсің?
-Қолыңдағы не?
-Бұл рогатка, құс атайын деп едім.
-Балалар құс атуға болама?
-Жоқ болмайды, олар-біздің досымыз.
-Ал, балалар, біз қандай ақыл-кеңес бере аламыз?
Қане балалар біз құс туралы тыйым сөздерді айтып берейікші.
Қайсар: Құс ұясын бұзуға болмайды.
Тұңғышбай: Құсқа тас лақтыруға болмайды.
Айзере: Ағашты сындыруға болмайды.
Қымбат: Құсты атуға болмайды.
Мақал-мәтел сұрау.
Жансая: Қарға құс басып жейді,
Сұңқар құс шашып жейді.
Әли: Қарға қарқылдаса, ұысты шақырады,
Қаз қаңқылдаса, жазды шақырады.
Балаларға құстың суретін бояту.
Балалар құстарға әрқашан мейіріммен қарап, оларға қамқор болып, ұя жасап жем беріп тұрғанымыз абзал. Құстар –біздің досымыз. Балалар бүгінгі оқу қызметімізден құстар туралы көп мәлімет білдік, қане түсінгенімізді қайталайық.
Құстар-птицы, балапандар-птеницы, торғай-вробей-sparrow, ұя-гнездо, қамқорлық-завота, қаз-гусь,қарлығаш-ласточка-swallow, қарға-ворона-crow, кептер-голубь-dove, үйрек-утка, жапалақ-сова, үкі-филин, сауысқан-сороко, тоқылдақ-дятел, шымшық-синица, аққу-лебед.
Музыка тыңдау: «Қарлығаш»
Қорытынды: Балалар, бүгінгі оқу қызметімізге жақсы қатыстыңдар. Бәріңе де рақмет.

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ақбай ауылы.
КМҚК «Қызғалдақ» балабақшасының музыка жетекшісі: Қойшыбаева Рауабану Қойшыбайқызы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *