Жазушы Пауло Коэльоның ұстаз туралы жазбасынан:

Бір күні ұстаз шәкірттеріне от жағып, айнала отырып әңгімелесуді ұсыныпты. Кешке шәкірттері ұстазын от жағып, дөңгелене отырып күтіпті. Ұстазы шәкірттеріне:

  • Сендер отты жаққанда қандай күй кештіңіздер?
  • Шәкірттер: Біз от тұтанам дегенше түтінге тұншықтық, қолымызды ағаштардың қиындылары ауыртты, тоңдық…
  • Ұстаз: Ал қазір?
  • Шәкірттер: Қазір маздап жанған оттың жылуына жылынып, әңгімелесіп рахаттанып отырмыз.
    Ұстаз: Сендерді үлкен өмірге тәрбиелейтін ұстаздың да білім берудегі мақсаты осындай. Білім алар кезде шаршайсыңдар, бірақ артынан сол білімнің нанын жейсіңдер!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *